Сайлаудың сәтті өтуі ұйымдастыруына байланысты
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда сайлау кезеңі белсенді өтуде. 2021 жылдың 25 шілдесінен бастап ауылдық елді мекендерде ауыл әкімдерін сайлау жүргізілуде. Ол 2022 жылы да жалғасын тапты, себебі өкілеттік әр түрлі мерзімде аяқталады.
Жалпы, сайлау саяси процесс ретінде бірнеше маңызды қызметті атқарады. Біріншіден, сайлау билік органдарын демократиялық қалыптастыру тәсілі ретінде саяси режимді легимитизациялау мен сенім арттырудың құралы ғана емес, сол сияқты азаматтарды саяси белсендірудің, олардың өз сұраныстарын, қызығушылықтарын ой-елегінен өткізудің, қоғамдық нығаюдың, биліктің азаматтармен кері байланысын қамтамасыз етудің, саяси мәдениетті қалыптастыру және дамытудың, саяси өмірге қатысу үшін